МОНЕТА ТҮРЛЕРІ

Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валютаның үш түріндегі монеталарды шығарады: циркуляциялық, инвестициялық және коллекциялық. Монеталардың барлық түрлері заңды төлем құралдары болып табылады.

Циркуляциялық монеталар қымбат емес металдардың қорытпаларынан жасалған және тұрғындардың күнделікті қолдануына арналған. Мұндай монеталардың номиналды құрылымы 1-2-5, 10-20-50, 100 және 200 теңгені құрайды.

Коллекциялық монеталар аз мөлшерде бағалы (алтын және күміс) және бағалы емес (мельхиор және нейзильбер) металдардан жасалады. Олар нумизматикалық (қайталама) нарықты жинауға және дамытуға арналған. Коллекциялық монеталар серияларға бөлініп, мерейтойлар мен есте қаларлық даталарға, тарихи оқиғаларға арналған. Коллекциялық монеталарды айналымға шығару арқылы Ұлттық Банк елдің мәдени және тарихи мұраларын сақтайды және насихаттайды, маңызды жетістіктер мен маңызды оқиғаларды мәңгі етеді және білім беру миссиясын орындайды.

Инвестициялық монеталар ең жоғары сыныптағы бағалы металдардан (алтын мен күмістен) дайындалады, олар қаражатты сақтауға және марапаттауға арналған. Олардың табыстылығы монета жасалатын металдың өзіндік құны мен салмағына байланысты.

Ұлттық Банк инвестициялық монеталарды қайта сатып алуға қабылдай отырып, иесіне монетадағы металл салмағының мәніне тең мөлшерде төлейді.

Инвестициялық монеталардың ерекшеліктері:

- шексіз тираждар;

- «proof» технологиясын қолданбай-ақ жасалады.;

- монета жасалған металдың құнына және салмағына байланысты табыс алу;

- сатып алу монета жасалған металдың салмағы бойынша есептелетіндіктен, жағдайына қарамастан (сызаттар, патина және т.б.) қайта сатып алуға қабылданады;

- қосылған құн салығы салынбайды.

ҚЫМБАТ МЕТАЛДАРДАН ЖАСАЛЫНҒАН МОНЕТАЛАРДЫ САҚТАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған коллекциялық алтын және күміс монеталар «proof» сапасымен жасалған. Бұл сапалы монеталарды жасаудың ерекше технологиясы. Мұндай монеталардың басты және негізгі айырмашылығы, мұндай монеталардың біркелкі айналы жолақты және монетаның біркелкі мата бедерлі өрнегі болып табылады. Бағалы металдардан жасалған монеталарды олардың механикалық зақымдануын болдырмайтын жағдайда сақтау керек. Монеталарды сақтаудың ұсынылатын температурасы 5 ° C-тан 40 ° C-қа дейін. Монеталарды асыл тас кірістірулерімен сақтау кезінде тез өзгеретін температура әсерін болдырмау керек.

Қымбат металдан жасалған коллекциялық монеталарды мынадай жағдайларда сақтауға кеңес берілмейді:

• зауыттық қаптамасыз - монетаны саусақ іздерінен, шаңнан және «proof» айна бетін зақымдауы мүмкін бөгде ұсақ бөлшектерден қорғауға арналған қатты мөлдір капсулалар;

• тұрмыстық химия, косметика, дәрі-дәрмектер жанында. Монеталарды хлор, сынап және йодтың жанында сақтау өте қауіпті, өйткені монеталарда дақтар немесе қара түсті шөгінділер пайда болуы мүмкін;

• уақыт өте келе поливинилхлорид монеталарда жасыл түске боялуы мүмкін хлорорганикалық қосылыстар шығара отырып ыдырайтын . поливинилхлоридтен жасалған альбомдарда (түссіз, мөлдір пластмасса, термопластикалық полимер)

• банкнот қағазындағы күкірт қосылыстарының ықтимал құрамына байланысты, бұл монеталардың бетін күңгірттендіруі мүмкін банкноттардың жанында;

Қорғаныс капсуласынан монеталарды тек арнайы мақта қолғаптарымен немесе жұмсақ ұштары бар арнайы пинцет көмегімен алып тастаған жөн. «proof» сапалы монеталарды өзіңіз тазалауға кеңес берілмейді.

Бағалы металдардан жасалған инвестициялық монеталар «proof» технологиясын қолданбай шығарылады. Сақтау шарттарына байланысты монеталар бетіне түсетін металл оксидтері мен әртүрлі заттардың микроскопиялық бөлшектерін беретін әртүрлі дақтар пайда болуы мүмкін. Егер инвестициялық монеталарда дақтар пайда болса, оларды күмістен жылтыратуға арналған арнайы мақта маталарымен алып тастауға болады.

Монеталарды сатып алғанда, бақылау түбіртегіне қол қоймас бұрын монеталарды мұқият тексеріп, орамның бүтін екендігіне және көзге көрінетін ақаулардың жоқтығына көз жеткізген жөн.

Назар аударыңыз: тұтынушы қорғау капсуласын ашқаннан кейін монетаның сапасына шағым қабылданбайды.